Кепілдік
Сату-сатып алу келісіміне сай сатушының кепілдік
міндеттерінен бөлек, төменде көрсетілген шарттарға сәйкес
осы құралдың кепілдігін ұсынамыз:
1 . Кепілдік мерзімі бірінші соңғы қабылдаушыға жеткізілген
күннен бастап 24 ай . Бұл мерзім құралды коммерциялық
немесе осыған ұқсас мақсатта пайдаланғанда 12 айға
дейін қысқартылады . Кепілдік бойынша шағым айту үшін
сауда чегін көрсетуіңіз қажет .
2 . Кепілдік мерзімі кезінде анықталған құрылғы немесе
материал ақаулары себебінен пайда болған барлық ірі
ақауларды және кемшіліктерді, ақаулы бөлшектерді өз
таңдауымыз бойынша жөндеу немесе ауыстыру арқылы
жоямыз; ауыстырылған бөлшектер біздің меншігімізге
өтеді . Кепілдік шыны немесе пластик бөлшектерге,
шамдарға берілмейді . Кепілдікке, сондай-ақ қалыпты
тозу, ескіру немесе қате пайдаланудан ақаулары бар
немесе қызмет ету мерзімі қысқарған батареялар мен
аккумуляторлар жатпайды . Кепілдік мерзімі кезінде
болған ақауларды бізге жедел хабарлауыңыз қажет .
Жұмыс кезіндегі ақауларды жою үшін бөлшектерді
ауыстыруға жұмсалған, сондай-ақ кепілдік мерзімі кезінде
жұмыс уақытына кеткен шығындар есептелмейді . Қызмет
көрсету орталығын заңсыз пайдалану кезінде туындаған
шығындарды тапсырыс беруші өтейді . Ірі құралдарды
ғана тапсырыс берушінің аумағында немесе орнату
орнында жөндеуге болады . Басқа құралдарды жақын
жердегі қызмет көрсету орталығымызға немесе жөндеу
шеберханасына жібереміз .
3 . Судың химиялық не электрохимиялық әсерінен және
табиғи құбылыстар әсерінен пайда болған, құрал
бағасының болымсыз бөлігін құрайтын немесе оны
қолдану ыңғайына әсер етпейтін ақаулар кепілдік
бойынша қарастырылмайды . Қарапайым тозу, сонымен
қатар пайдалану бойынша нұсқауларды орындамау
немесе құралды дұрыс пайдаланбау нәтижесінде пайда
болған зақымдарға кепілдік беруге құқығымыз жоқ .
4 . Біздің компаниямыз тарапынан рұқсат берілмеген
тараптар техникалық қызмет көрсетсе не жөндесе,
кепілдік заңды күшінен айырылады .
5 . Кепілдік бойынша жөндеу не қосалқы бөлшектерді орнату
құрал оның компоненттері үшін кепілдік мерзімін ұзартуға
не жаңартуға негіз бола алмайды: орнатылған қосалқы
бөлшектер үшін кепілдік мерзімі құралдың кепілдік
мерзімімен бірге аяқталады .
6 . Егер заңмен ресми кепілдік міндеттемесі орнатылмаса,
кейінгі не басқа талаптар, әсіресе құралды пайдалану
кезіндегі жанама шығынды өтеу туралы талаптар
қабылданбайды .
Кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін сізге сервистік қызмет
көрсетуді қуана ұсынамыз . Құралды сатып алған дилеріңізге
немесе біздің қызмет көрсету орталығымызға тікелей
хабарласыңыз .
Техникалық өзгерістерге рұқсат етілмейді .
20