THOMAS quickstick құралын/
Зарядтағыш құралды зарядтау
• Зарядтау құралының фирмалық жапсырмасында
көрсетілген кернеу параметрі, электр желісіндегі кернеуге
сәйкес келуге тиіс .
• Зарядтау құралын төмендегі жағдайларда мүлдем іске
пайдалануға болмайды:
• зарядтау құралының қосқышына зақым келген болса,
• құрылғының көзбен көрерлік зақымдары бар болса,
• Зарядтағыш құрылғыны розеткадан келесі жағдайларда
шығарыңыз:
• өнім зарядталмай тұрған кезде,
• зарядтау кезінде ақаулықтар пайда болғанда,
• керек-жарақты жалғау/ажыратудан бұрын және
• өнімді тазалау немесе оған қызмет көрсету алдында .
• Зарядтау барысында құрылғыны ток көзінен ағытпаңыз .
• Зарядтап болғаннан кейін қорек сымын розеткадан ағытыңыз .
• Зарядтау құралын температурасы 5 °C және 45 °C градус
аралығындағы құрғақ бөлмеде қолданыңыз және сақтаңыз .
• Зарядтау құралын ешқашан дымқыл қолмен ұстамаңыз
немесе оны ағып тұрған су тәрізді сұйық затқа
батырмаңыз . Бұл электр тогы соғып, мерт болуға әкеледі!
• Зарядтау құралын тура түсетін күн сәулесінен, ашық от
көзінен немесе басқа жылу көзінен қорғаңыз . Өрт және
жарылыс шығу қаупі бар!
• Зарядтау үшін берілген жиынтықтың құрамындағы зарядтау
құрылғысын ғана қолданыңыз . Басқа зарядтау құрылғыларын
қолданбаңыз .
• Жиынтыққа кіретін зарядтау құрылғысын басқа
құралдармен пайдаланбаңыз . Жарылыс, жарақаттану
немесе құралдың зақымдалу қаупі бар .
Қолданылуы
1
Құрастыру
2
Шаңсорғышпен тазалау процесі
3
Шаңжинағышты босату
4
Аккумуляторды зарядтау
5
Циклондық сүзгіні тазалау
6
Қозғалтқыштың қорғау сүзгісін тазалау
7
Щетка білікшесін тазалау
8
Шаңсорғышқа арналған кронштейнді қабырғаға бекіту
Шаңсорғышқа арналған кронштейнді
қабырғаға бекіту
Кронштейнді қабырғаға басып, бекітіңіз . Бұрғылауға
арналған саңылауларды қарындашпен белгілеңіз . Бұрғылауға
арналған саңылаулардың диаметрі шамамен 8 мм болуы
тиіс . Саңылауларға жиынтыққа кіретін дюбельдерді салып,
қабырғалық кронштейнді бұрандалы шегелермен бекітіңіз .
Қоқысқа тастауға қатысты ұсыныстар
Орам материалы
Орам материалы THOMAS quickstick құралын
тасымалдау кезінде зақымдалудан қорғайды .
Бұл экологиялық таза материалдан жасалған,
сондықтан қайта өңдеуге болады . Қажетсіз орам
материалдарын тұрмыстық қалдыққа тастамаңыз, қайта
өңдеу үшін сұрыптап тастаңыз .
Ескірген құрал
Ескі құрылғылардың құрамындағы шикізат
пен материалдар құнды болып табылады
және қоршаған ортаға түспеуі керек .
THOMAS quickstick терезе бүріккішін және оның ішіндегі
аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен бірге кәдеге
жаратуға тыйым салынады . Құралды, зарядтау құрылғысын
және аккумуляторды бір бірінен бөлек утилизациялау
қажет . Тегін өткізу үшін қайта өңдеу орталығы немесе тиісті
жинау және қайтару жүйелері қолжетімді .
THOMAS quickstick терезе бүріккішін қате пайдалану және
кәдеге жарату нәтижесінде денсаулық пен қоршаған ортаға
қауіп төндіруге болады . Алайда құрамдас бөлшектер
THOMAS Quickstick терезе бүріккішінің дұрыс жұмысы үшін
қажет болады . Суретте көрсетілген белгіге ие құрылғыларды
тұрмыстық қоқыспен бірге кәдеге жаратуға тыйым салынады .
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы
Сатушыңыздан THOMAS фирмасының қай қызмет көрсету
орталығына хабарласу керектігі жөнінде анықтама алыңыз .
Оған құралыңыздың зауыттық тақташасында көрсетілген
деректерін беріңіз .
Құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жөндеу
жұмыстарын, әсіресе ток өткізетін бөліктерді жөндеуді
жұмыстарын электрші мамандар орындауға тиіс .
Қателіктер немесе ақаулықтар пайда болғанда, өз
дилеріңізге немесе техникалық қызмет көрсету орталығына
тікелей хабарласуыңыз қажет . THOMAS қызмет көрсету
орталықтарын осы пайдаланушы нұсқаулығының артқы
мұқабасынан табуға болады .
THOMAS керек-жарақтарын алу үшін өз дилеріңізге
немесе THOMAS қызмет көрсету орталығына мына сайт
арқылы хабарласыңыз: www .robert-thomas .net .
Техникалық деректер
Кернеу кірісі
Кернеу шығысы
Құралдың номиналды қуаты
Жұмыс кернеуі
Литий ион батареясы
Шаңжинағыш
Таза салмағы
*) үлгіге байланысты
Жасалған күні: құралдың төменгі жағында орналасқан
фирмалық жапсырманы қараңыз
Кат . №: xxxxxx
100 – 240 ~ 50 & 60 Гц/
500 мA
22 В, тұрақты ток, 400 мА
зауыттық тақтаны қараңыз
18 В ТТ
2000 мА-сағ/18 В*/
2500 мА-сағ/18 В*
0,65 л брутто
0,3 л нетто
2,1 кг
_
_ _
_
(апта күні) (апталық күн) (жыл)
19