Download Print deze pagina

Bosch Professional GAL 18V6-80 Oorspronkelijke Gebruiksaanwijzing pagina 43

Advertenties

пайдалану туралы нұсқаусыз және жауапты адамның
бақылауынсыз пайдалануы аса қауіпті. Кері жағдайда
дұрыс пайдаланбау және жарақаттанулар қаупі пайда
болады.
Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде
u
балаларға мұқият болыңыз. Балалардың зарядтау
құралымен ойнамауына көз жеткізіңіз.
Тек Bosch литий-иондық аккумуляторларын немесе
u
AMPShare серіктесі ұсынған аккумуляторларды
(минималды қуаты 1,3 А-сағ) зарядтаңыз.
Аккумулятор кернеуі зарядтағыш құрылғының
аккумуляторды зарядтау кернеуіне сәйкес келуі
қажет. Қайта зарядталмайтын аккумуляторларды
зарядтамаңыз. Кері жағдайда өрт немесе жарылыс
қаупі пайда болады.
Зарядтағыш құрылғыны тек жабық үй-жайларда
пайдаланыңыз және оны ылғалдан алшақ ұстаңыз.
Зарядтағыш құрылғының ішіне су кірсе, ток соғу қаупі
артады.
Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы
u
тоқ соғуы қауіпін туындатады.
Әр пайдаланудан бұрын радио зарядтағышты, соның
u
ішінде кабель мен ашаны тексеріңіз. Зақымдар
байқалған жағдайда, зарядтағыш құрылғыны
пайдаланбаңыз. Зарядағыш құрылғыны өз бетінше
ашпаңыз, оны тек Bosch немесе өкілетті қызмет
көрсету орталықтары түпнұсқа қосалқы
бөлшектермен ғана жөндеуі тиіс. Зақымдалған
зарядтағыш құрылғылар, кабельдер және ашалар ток
соғу қаупін арттырады.
Зарядтау құралын қосулы күйде оңай жанатын
u
беттердің (мысалы, қағаз, мата және т.б.) үстіне
қоймаңыз немесе жанғыш заттардың жанында
пайдаланбаңыз. Зарядтау кезінде зарядтау құралының
қызуы себебінен өрт қаупі пайда болады.
Зарядтау құралының саңылауын жаппаңыз. Әйтпесе
u
зарятау құралы қызып, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта
u
зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай
зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт
қауіпіне адып келуі мүмкін.
Аккумулятор зақымданған немесе оны дұрыс
u
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса,
медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын
тітіркендіруі мүмкін.
Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы
u
мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен
шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге
хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу
немесе күйіктерге алып келуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Өнім және қуат сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Зарядтағыш құрылғы қайта зарядталатын Bosch AMPShare
литий-иондық аккумуляторларын немесе AMPShare
серіктес аккумуляторларын зарядтауға арналған.
Көрсетілген компоненттер
(1)
Зарядтау науасы
(2)
Зарядтау реттілігіне арналған көрсеткі
(3)
Қызыл түсті температураны бақылау/қате
индикаторы
(4)
Жасыл түсті заряд деңгейінің индикаторы
(5)
Басымдық түймесі
(6)
Бұрау
(7)
L-BOXX адаптері
(8)
Кабельді орау тетігі
Техникалық мәліметтер
Зарядталу құралы
Қорғаныс класы
Зарядтау тогы
A)
Аккумулятордың зарядтау кернеуі
(кернеуді автоматты түрде анықтау)
A) температураға және аккумулятор түріне байланысты
Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ
пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін.
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз:
www.bosch-professional.com/wac.
Зарядтау процесі
Желі кернеуіне назар аударыңыз! Тоқ көзінің кернеуі
u
қуаттандыру құралының зауыттық тақташасындағы
мәндеріне сай болуы тиіс.
Зарядтау процесі желілік аша жалғанған және аккумулятор
салынған кезде басталады. Бірнеше аккумуляторды
зарядтау процесі синхронды түрде іске қосылғанда, олар
бірінен кейін бірі басылған көрсеткінің (2) бағыты бойынша
зарядталады (сағат тілінің бағытына қарсы).
Аккумуляторлар бірінен кейін бірі 2 зарядтау циклінде
зарядталады.
– Бірінші зарядтау циклінде салынған барлық
аккумуляторлар қуаттың шамамен 80%-на дейін
зарядталады.
– Екінші зарядтау циклінде аккумулятор толық
зарядталғанға дейін шамамен 80%-ға дейін зарядтау
жүзеге асады.Салынған барлық аккумуляторлар
шамамен 80%-ға дейін зарядталған соң, екінші зарядтау
циклі басталады.
Зарядтау процесі тек аккумулятор температурасы
рұқсат етілген зарядтау температурасының
ауқымында (0–45°C) болса қолжетімді.
Қазақ | 43
GAL 18V6-80
/ II
8,0 A
14,4–18 В
1 609 92A 8NR | (17.10.2023)

Advertenties

loading