AMK 097, AMK 127
Топырақ бетін жабу жабындарының
жабдықтары минитрактор-шөп
шапқышты жабындауға арналған
шапқышқа түрлендіруге мүмкіндік
береді.
Бұл ретте шабу механизмінің лақтырма
тесігі топырақ бетін жабу
жабындарының тобымен жабылады, ал
қатар бойынша монтаждалған шапқыш
пышағы құрылғыда қалады.
0.1 Жалпы ақпарат
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулық ЕО
2006/42/EC директивасына сəйкес
келетін өндірушінің пайдалану
жөніндегі түпнұсқалы нұсқаулығы
болып табылады.
STIHL компаниясы өз өнімдерінің
таңдауын жетілдіру бағытында үздіксіз
жұмыс атқаруда; сондықтан біз өз
өнімдеріміздің түріне, өндіру
технологиясы мен жабдықталуына
өзгеріс енгізуге құқылымыз.
Осы себеппен осы шығарылымдағы
мəліметтер мен суреттер жөнінде
шағымдар қабылданбайды.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
кейбір елдерде қолжетімді болмайтын
үлгілер сипатталған.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулық
заңды түрде қорғалған. Барлық
құқықтары, əсіресе жаңғырту, аудару
жəне электрондық жүйелермен өңдеуге
құқықтар қорғалған.
0478 907 9927 A - KK
Қағазды ағартқан кезде хлор қолданылмады. Қалпына келетін қағазға басып шығарылған. Мұқабаның құрамында
1. Қауіпсіздік шаралары
Минитрактор-шөп
шапқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығын,
əсіресе «Қауіпсіздік
шаралары» жəне «Техникалық қызмет
көрсету» бөлімдерін ұстаныңыз.
Минитрактор-шөп шапқышта
кез келген жұмыстарды
орындау алдында от алдыру
кілтін суырып шығарыңыз.
Монтаждау жəне техқызмет
көрсету жөніндегі
жұмыстарды өткізу кезінде
əрдайым берік қолғап киіңіз.
Əр пайдаланар алдында топырақ бетін
жабу жабындарының тобын, шапқыш
пышағын жəне пышақ бекіткішін қарап
шығу арқылы олардың ақаусыз күйде
екендігіне көз жеткізіңіз. – Еш жағдайда
лақтырманың науасынсыз жəне шөп
жинағышсыз жабындамаңыз!
Тек қана ақаусыз жəне дұрыс
монтаждалған топырақ бетін жабу
жабындарының тобымен жұмыс істеңіз.
Тұншығудан өлім қаупі бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға тұншығу
қаупі төнуі мүмкін. Орауыш
материалды балалардан алшақ
ұстаңыз.
галоген жоқ.
2. Жеткізілім жиынтығы
Поз.
Атауы
A
Топырақ бетін жабу
жабындарының тобы
AMK 097
A
Топырақ бетін жабу
жабындарының тобы
AMK 127
B
Сақиналы гайкалар
–
Пайдалану жөніндегі
нұсқаулық
3. Монтаждау
AMK 097 немесе AMK 127 үлгісі
монтаждалғанда құрылғы жабындау
режиміне ауысады.
3.1 Топырақ бетін жабу
жабындарының тобын ашу
Топырақ бетін жабу
жабындарының тобын монтаждау
алдында оны ашып қою керек.
● Тұтқаны (1) тірелгенше алға қарай
итеріңіз.
1
Саны
1
1
2
1
2
111