Ылғалдылық деңгейін орнату
Есте сақтаңыз
Ылғалдандырғышты іске қоспас бұрын, су
•
ыдысының толтырылғанына көз жеткізіңіз
(«Іске қосу» тарауының «Ылғалдандыруға
дайындау» бөліміне қараңыз).
Ылғалдылық датчигі айналасындағы ауаны
•
желдету мақсатында ылғалдандырғыш
аралықтармен қосылып, орта ылғалдылығының
дұрысырақ көрсеткішін алыңыз. Бұл параметр
Автоматты режим сияқты ылғалдылық
деңгейі параметріне қолданылады.
1
Қажет ауа ылғалдылығын 40%,
50% немесе 60% деп орнату үшін,
ылғалдылық түймесін бір немесе
бірнеше рет басыңыз (n суреті).
» Ылғалдылық деңгейінің шамы (40, 50
немесе 60) жанады.
» Сары түсті ылғалдылық деңгейі
басқару панелінің ортасында
көрсетіледі.
Кеңес
Ылғалдылықтың ең ыңғайлы деңгейі: 40%-60%
•
аралығында. Ылғалдылықтың қажетті деңгейін
(40%, 50% немесе 60%) таңдауға болады.
Есте сақтаңыз
Егер алдын ала орнатылған ылғалдылық
•
деңгейі таңдалмаса, ылғалдылық деңгейі авто
режимінде 50% және басқа режимдерде
70% дәрежесіне жеткенде ылғалдандырғыш
жұмысын тоқтатады.
Су деңгейі
Су ыдысында су жеткілікті болмағанда
құрылғы келесі әдіспен жұмыс істейді.
Су деңгейі төмендейді және қызыл
•
түсті көрсеткіші жыпылықтай
бастайды (h суреті).
Одан кейін ылғалдандырғыш 30 минут
•
жұмыс істейді де тоқтайды, қызыл түсті
көрсеткіш жанып тұра береді.
Су ыдысына су құйғанда құрылғы жұмысын
жалғастырады.
Есте сақтаңыз
Егер ылғалдандырғыш электр желісіне
•
жалғанып, қуат қосылған кезде су ыдысы бос
болса, қызыл түсті көрсеткіш шамы 2 минут
бойы жыпылықтаған соң су ыдысы сумен
толтырылғанша жанып тұрады.
Ыдыста судың біраз мөлшерінің қалып қоюы
•
қалыпты жағдай.
Суды толтыру
Су деңгейін су ыдысындағы мөлдір терезе
арқылы бақылап отыруға болады.
1
Ылғалдандырғышты өшіріп, қуат көзінен
ажыратыңыз.
2
Жоғарғы бөлікті екі жағынан ұстап алып
тастаңыз (b суреті).
3
Су ыдысын ең жоғары деңгей
белгісіне дейін салқын сумен
толтырыңыз (f суреті).
Есте сақтаңыз
Су ыдысын толтырған кезде ең жоғары
•
деңгей белгісінен асуға болмайды, әйтпесе
шығару жолы мен ауа кіру жолдарына су
төгіліп кетуі мүмкін.
Жылжытқан кезде су ыдысын шайқамаңыз,
•
әйтпесе шығару жолы мен ауа кірістерінен су
ағуы мүмкін.
Ылғалдандырғыштың жоғарғы жағындағы ауа
•
шығару жолдары арқылы су толтырмаңыз.
4
Жоғарғы бөлікті су ыдысына қайта
қойыңыз.
157
KK