• Қуат сымы бүлінген кезде штепсель ашасын
суырып алып, оны желіден ажыратыңыз.
Бүлінген желілік кабельді ешқашан пайдалан-
баңыз.
• Егер аспап пайдаланылмаса, ол əрқашан желs-
ден ажыратылып тұруы тиіс.
• Аспапты электрлік қуат көзіне қосар алдында
оның өшіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Ашалы розеткадан ажыратар алдында
аспапты алдын ала өшіріңіз.
• Аспапты тасымалдаған кезде тогы өшіріледі.
• Егер осы аспаптың желілік кабелі бүлінсе,
қауіпті болмауы үшін оны кабельді өндіруші
немесе оның сервис қызметі не білікті маман
ауыстыруы тиіс.
Осы құрылғыға арналған қауіпсіздік
бойынша нұсқаулар
• Құрылғыны тігінен жəне тұрақты етіп орнату
керек.
• Əрдайым сорылатын жəне үрлеп шығарыла-
тын ауаның еркін айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Кіріс саңылаулар əрдайым кір мен бос заттар-
дан таза болуы тиіс.
• Құрылғыны шашыранды судан қорғаңыз.
• Құрылғының саңылауларына ешқандай зат-
тарды салмаңыз.
• Құрылғыны пайдалану барысында жаппаңыз
жəне тасымалдамаңыз.
• Бұйымның үстіне ешқандай су құйылған
сауыттарды, мысалы, вазаларды қоймаңыз.
• Бұйымды қозғалту немесе жылжыту үшін
желілік жалғағыш сымынан ұстап тартпаңыз.
• Бұйымды тікелей күн сəулесінен қорғаңыз.
• Бұйымды радиаторлардан жəне басқа да жылу
көздерінен алшақ ұстаңыз.
• Бұйымның үстіне тұрмаңыз немесе отыр-
маңыз.
• Егер бұйымды ұзақ уақыт пайдаланбаған жəне
оны іске қосқан кезде ыс иісін байқайтын бол-
саңыз немесе желілік жалғағыш кабель мен
желілік аша қызып кетсе, құрылғыны өшіріңіз,
желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз
жəне дилерге хабарласыңыз.
• 8 жастан кіші балалар жəне ақыл-ой немесе
дене қабілеттері шектеулі тұлғалар, сондай-ақ
тəжірибесі жəне/немесе білімі жеткіліксіз
тұлғалар осы аспапты тек қана бақылауда
болған немесе құрылғыны қауіпсіз пайдала-
нуға қатысты нұсқау алған жəне ықтимал қауіп-
терін түсінген жағдайда пайдалануы мүмкін.
Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Бала-
ларға қараусыз тазалау жəне техникалық қыз-
мет көрсетуге жол беруге тыйым салынады.
• Құрылғыны жөндеген кезде тек түпнұсқа спец-
ификацияға сəйкес келетін бөліктерді қолда-
ныңыз. Аталмыш құрылғының электрлік жəне
механикалық бөліктері қауіпсіздік тəуекел-
дерінің алдын алу үшін міндетті болып табы-
лады.
• Құрылғыны механикалық зақымдарға жол
берілмейтіндей сақтау қажет.
• Құрылғыда орналасқан белгілерді өшірмеңіз
жəне жаппаңыз. Құрылғыдағы оқылмайтын
нұсқауларды жедел түрде жаңаларымен ауы-
стырыңыз.
Қолданысқа енгізу алдында пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты оқып, ондағы
ұсыныстарды ескеріңіз.
Құрылғыға қысқаша шолу
► 3-бет., 1-тармақ
1. Ауа шығысы
2. Басқару панелі
3. 3 in 1 сүзгісі (алдын ала тазарту сүзгісі, бел-
сенді көмір сүзгісі, H13 HEPA сүзгісі)
A. Алдын ала тазарту сүзгісі: алғашқы шаңды
жəне аллерген бөліктерді жинайды.
B. Белсенді көмір сүзгісі: формальдегид, бензол
мен басқа зиянды газдарды сіңіреді.
C. H13 HEPA сүзгісі: шаң, түтін, тозаң мен басқа
аллергендерді жинайды.
4. Алдыңғы жабын
5. Басты құрылғы
Жеткізілім жиынтығы
• Ауа тазалағыш
• 3 in 1 сүзгісі
Орнату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғыға
зақым келтіру қаупі бар! Құрылғыны
тігінен жəне тұрақты етіп орнату керек.
1. Құрылғыңызды орауыштан жəне полиэтилен
пакеттен абайлап шығарыңыз.
2. Құрылғыны тұрақты жəне тегіс бетке орна-
тыңыз.
– Жақсы ауа айналымына мүмкіндік беру үшін
құрылғыны қабырғалардан кемінде 30 см
арақашықтықта қойыңыз.
– Ауа шығысы бұғатталмағанына көз жет-
кізіңіз.
3. Сүзгіні пайдалану алдында жəне кейін де
қапты алып тастаңыз жəне кəдеге жаратыңыз.
4. Желілік кабельді дұрыс кернеуге ие розеткаға
жалғаңыз.
Нұсқау: Құрылғыны жылжытқан кезде
оны артқы жағындағы тұтқасынан мықтап
ұстаңыз.
Басқару
Қосу алдында тексеріңіз!
ҚАУIП! Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғыны тексеру кезінде ақаулар
табылмаған жағдайда ғана қолданысқа
енгізіңіз. Егер белгілі бір бөлігі ақаулы
болса, оны келесі рет пайдалану алдында
міндетті түрде ауыстыру керек.
Құрылғының қауіпсіз күйін тексеріп шығыңыз:
– Айқын ақаулардың бар-жоғын тексеріп
шығыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
► 3-бет., 2-тармақ
6. [POWER] [ ] түймесі:
KAZ
63