Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау
GSR
Айналу моментін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш сақинаны (4) "Бұрғылау"
белгісіне орнатыңыз.
GSB
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны (5) "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрау
GSR
Айналу моментін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш сақинаны (4) қажетті
айналу моментіне орнатыңыз.
GSB
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны (5) "Бұрау" белгісіне
орнатыңыз.
Айналу моментін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш сақинаны (4) қажетті
айналу моментіне орнатыңыз.
Соққымен бұрғылау (GSB)
Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған
реттегіш сақинаны (5) "Соққымен бұрғылау"
белгісіне орнатыңыз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Ажыратқышты (10) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (10) жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (10)
басып тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (10)
жіберіңіз.
Толық автоматты шпиндель бекіту (Auto-Lock)
Ажыратқыш (10) басылмаған кезде, бұрғылау шпинделі
мен құрал бекіткіші (1) бұғатталады.
Бұл аккумулятор (9) заряды таусылғанда да
бұрандаларды бұрап кіргізуге немесе электр құралын
бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы (11)
бірнеше секунд жартылай немесе толық басылған
қосқыш/өшіргіш (10) күйінде аккумулятордың
зарядталғанын көрсетеді және 3 жасыл жарық диодын
қамтиды.
Аккумулятордың заряды деңгейінің индикаторындағы
(11) 3 жарық диоды және (12) шамы аккумулятор
температурасы –20 және +50°C аралығындағы жұмыс
температурасынан тыс болғанда жылдам жыпылықтайды.
Bosch Power Tools
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
ақырын жыпылықтау 1 x жасыл
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына
артық жүктеме түспейді. Тым қатты артық жүктеме түскен
жағдайда, электроника электр құралын ол қайтадан
оңтайлы жұмыс температурасына жеткенше өшіреді.
Осы күй туралы аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторындағы (11) үш жарық диоды үздіксіз жану
арқылы сигнал береді. Жарық диодтары электр құралы
қайтадан жұмыс температурасына жеткенде сөнеді.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы
тиісті сапаға кепілдік береді.
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту
алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі
ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті
алдын ала бұрғылау керек.
Қайыс ұстағышы (E суретін қараңыз)
Қайыс ұстағышымен (16) электр құралын, мысалы,
қайысқа ілуге болады. Сонда екі қолыңыз бос болып,
электр құралы жұмыс істеуге әрдайым дайын болады.
Бит ұстағышы (F суретін қараңыз)
Бит ұстағышына (17) бұрауыш биттерді сақтау үшін
енгізуге болады.
Түрлі-түсті қысқыш (G суретін қараңыз)
Түрлі-түсті қысқышты (18) қайыс ұстағышы (16) немесе
бит ұстағышы орнатылмаған жағдайда ғана пайдалануға
болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Қазақ | 147
Қуаты
≥ 76 %
51–75 %
26–50 %
≤ 25 %
1 609 92A 6FT | (17.06.2021)