6.1
Желілік кабельді ауыстыру
ҚАУІПТІ
Жарақат алу қаупі бар! Ток соғу қаупі.
▶ Өнімді тек өкілетті, білікті қызметкерлер күтуі және жөндеуі мүмкін! Қызметкерлер қауіпсіздк
техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы тиіс.
Желілік кабель зақымдалған болса, оны ауыстыру керек.
Электрлік қауіпсіздік бойынша жергілікті талаптарды орындаңыз.
1. Зарядтағыш құрылғының желілік кабель ашасын розеткадан шығарыңыз.
2. Резеңке тіректі қақпақтан тартып шығарыңыз және ішіндегі бекіткіш бұранданы бөлшектеңіз.
Материал
Torx
гайка бұрауышы T10
®
3. Қақпақты ашыңыз.
4. Желілік кабельдің қалай өткізілгенін есте сақтау үшін фотосурет немесе сызба жасаңыз.
5. Сымды босату үшін қысқыштардың бірін оймакілтекті гайка бұрауышымен абайлап қысыңыз. Сымды
қысқыштан тартып алыңыз. Әрекетті екінші сымға қайталаңыз және содан кейін бұзылған желілік
кабельді алып тастаңыз.
6. Жаңа желілік кабельді орнатыңыз. Бір қысқышты оймакілтекті гайка бұрауышымен қысып, сымды
қысқышқа кіргізіңіз. Қысқышты босатып, сымның берік орнатылғанын тексеріңіз. Әрекетті екінші
сымға қайталаңыз.
Материал
Желілік кабель
2289588 (EU, 220240V)
2289589 (US, 110120V)
2289910 (GB, 220240V)
2300624 (GB, 100120V)
2289911 (KR, 220240V)
2289912 (RU, 220240V)
2289913 (BR, 220240V)
2289914 (JP, TW, 100120V)
2289915 (AUS 220240V)
2289917 (ARG, 220240V)
Зарядтағыш құрылғыңыз үшін жарамды желілік кабельді осы кестеден таңдаңыз немесе Hilti
қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.
7. Желілік кабельді алмастыру алдында кабель бағыттауышында өткізілгендей өткізіңіз. Алдын ала
жасалған фотосуретті немесе сызбаны анықтама ретінде қолданыңыз.
8. Қақпақты жауып, бекіткіш бұранданы қайта бекітіңіз.
9. Резеңке тіректі қайтадан қақпаққа енгізіңіз.
10. Желілік кабель ашасын қайтадан розеткаға салып, зарядтағыш құрылғының ақаусыз жұмыс істеп
тұрғанын тексеріңіз.
▶ Жарық диоды жанып тұр: Зарядтағыш құрылғы ақаусыз жұмыс істеп тұр.
▶ Жарық диоды жанбай тұр: Зарядтағыш құрылғы ақаусыз жұмыс істемей тұр.
▶ Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
7
Тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
▶ Тасымалдау кезінде өнімнің берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Әр тасымалдағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және
басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп тұрыңыз.
*2275226*
2
2275226
Қазақ
221