Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан
табуға болады: www.hilti.group
3.4
Құлауды анықтау функциясы
Өнім құлауды анықтау функциясымен жабдықталған.
Өнім құлау жағдайын анықтаса, дереу автоматты түрде өшіп қалады.
Құлауды анықтау функциясы іске қосылса, өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
3.5
Қозғалтқышты қорғау функциясы
Қозғалтқышты қорғау функциясы қуат тұтынылуын және қозғалтқыштың қызуын бақылайды және өнімді
қызып кетуден қорғайды.
Тым жоғары басу қысымының салдарынан қозғалтқышқа шамадан тыс жүктеме түскенде, қуат
айтарлықтай төмендейді, осының нәтижесінде өнім тоқтап қалуы мүмкін.
Шамадан тыс жүктемеден аспап тұрып қалған не айналу жылдамдығы азайған жағдайда өнімге
түсетін жүктемені азайту және оны шамамен 30 секунд ішінде бос жүріспен жұмыс істету керек.
3.6
LiIon аккумуляторының индикаторлары
Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторлары аккумуляторлардың заряд деңгейін, ақаулық туралы хабарларын
және күйін көрсете алады.
3.6.1
Заряд деңгейінің және ақаулық туралы хабарлардың индикаторлары
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумулятор енгізілген кезде, құлыптан босату түймесін басқаннан кейін аккумулятордың
пайдаланылатын өнімге тиісінше бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Төмендегі индикация көрсеткіштерінің біріне қол жеткізу үшін аккумулятордың құлыптан босату түймесін
қысқаша басыңыз.
Заряд деңгейі және ықтимал ақаулықтар жалғанған өнім қосылып тұрған кезде үздіксіз көрсетіледі.
Құралдың бөлшектерi
Төрт (4) жарық диоды жасыл түспен тұрақты
жанып тұр
Үш (3) жарық диоды жасыл түспен тұрақты
жанып тұр
Екі (2) жарық диоды жасыл түспен тұрақты
жанып тұр
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен тұрақты
жанып тұр
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен баяу
жыпылықтайды
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен жылдам
жыпылықтайды
338
Қазақ
Сипаттамасы
Заряд деңгейі: 100% және 71% аралығында
Заряд деңгейі: 70% және 51% аралығында
Заряд деңгейі: 50% және 26% аралығында
Заряд деңгейі: 25% және 10% аралығында
Зарядтау күйі: < 10%
Li-Ion аккумуляторының заряды толықтай
таусылды. Аккумуляторды зарядтаңыз.
Жарық диоды аккумуляторды зарядтағаннан
кейін сонда да жылдам жыпылықтаса, Hilti
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
2359096
*2359096*