Download Print deze pagina

Samsung S Pen Pro EJ-P5450 Handleiding pagina 464

Advertenties

Негіздер
Батареяны зарядтау кезіндегі кеңестер мен сақтық шаралары
• S Pen қаламын зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны толық зарядтауға
ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
• Зарядтау кезінде S Pen қаламы мен зарядтағыш қызуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және S Pen
қаламының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер батарея әдеттегіден
ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
• Зарядтағыш коннектор ұяшығы суланған кезде S Pen қаламын зарядтайтын болсаңыз, S Pen
қаламы бұзылуы мүмкін. S Pen қаламын зарядтау алдында зарядтағыш коннектор ұяшығын
жақсылап кептіріңіз.
• S Pen қаламы дұрыс зарядталмай жатса, S Pen қаламы мен зарядтағышты Samsung қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
Мобильді құрылғыға жалғау
S Pen қаламын мобильді құрылғыға жалғаған кезде сіз экранды түрту немесе қолжазба сияқты негізгі
мүмкіндіктерді пайдаланып қана қоймай, әуе әрекеттері сияқты мүмкіндіктерді де пайдалана аласыз.
Қосылым түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
1
Мобильді құрылғыда қосылымның ашылмалы терезесі пайда болған кезде, Қосылу түймесін
2
түртіңіз.
Жалғауды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3
• Мобильді құрылғыға қосылмай тұрып, оның One UI жүйесін 3.1 нұсқасынан жоғары
нұсқаға жаңартып, SmartThings қолданбасы мен Әуе пәрмені мүмкіндігінің соңғы нұсқасын
орнатыңыз.
• Мобильді құрылғыда қосылымның ашылмалы терезесі пайда болмаса, Парам-р
қолданбасын ашыңыз, Қосымша мүмкіндіктер → S Pen → Қаламмен орындалатын
әрекеттер тармағына өтіп, қосылуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
• Бір мобильді құрылғыдан ажыратып, басқа мобильді құрылғыға қосылу үшін қосылым
түймесін басып тұрып, жұптау режиміне ауысыңыз.
Қазақ тілі
7
7

Advertenties

loading