Download Print deze pagina

Hilti NCT 85 C-22 Originele Gebruiksaanwijzing pagina 218

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 23
Гидравликалық май суық ауа райында қоюлануы және кесу әрекетін ұзартуы мүмкін. Кесу құрылғысын жылыту үшін бос жүріс
күйінде 5-10 кесу әрекетін орындаңыз.
1. Кескіш бастиекті қалаулы позицияға бұраңыз.
2. Кесілетін кабельді кескіш бастиекке салыңыз.
Кескіш бастиекке толықтай салу мүмкін болмайтын кабельді кеспеңіз.
Максималды кесу қуатынан асырмаңыз.
3. Негізгі сөндіргішті, жүз кескіш бастиекке кері жылжығанша басып тұрыңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр жарақаттарға және өртке апарып
соғуы мүмкін.
Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны әрдайым суырып алыңыз!
Аспапты күту
• Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
• Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
• Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, өйткені олар
пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып соғуы мүмкін.
Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
• Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
• Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti қызмет көрсету орталығына
жөндетіңіз.
• Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы
бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
• Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
• Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
• Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар
пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
• Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
• Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен
жақсылап тазалаңыз.
• Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың тиюіне ешқашан жол бермеңіз
(мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз.
Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден кетіріңіз.
• Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар
пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
• Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
• Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді міндетті түрде Hilti қызмет көрсету
орталығында жөндетіңіз.
• Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды орнатып, олардың ақаусыз жұмыс
істегенін тексеріңіз.
214
Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жиналуына жол бермеңіз.
2321715
*2321715*

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Nct 85 c-22 02