Download Print deze pagina

Bosch Professional GKT 55 GCE Oorspronkelijke Gebruiksaanwijzing pagina 153

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 51
Жылжыманы (27) басып, қажетті кесік тереңдігін
(материал қалындығы + ара дискісі тістерінің биіктігі)
кесік тереңдігінің шкаласында (6) реттеңіз.
Еңіс бұрышын реттеу
Тірек тақтасы (7) толықтай тірелуі үшін, электр құралын
тегіс бетке қойыңыз.
(11) және (17) қатпарлы бұрандаларын босатыңыз.
Араны бүйірге қайырыңыз. Қалаулы еңіс бұрышын шкала
(9) бойынша орнатыңыз. Алдыңғы қатпарлы бұранданы
(11) немесе артқы қатпарлы бұранданы (17) бұрап
бекітіңіз. Содан кейін қатпарлы бұранданы қарама-қарсы
жаққа бұрап бекітіңіз. Назар аударыңыз: бұл ретте
қосымша тұтқаға (4) немесе араға күш қолданбаңыз. Бұл
нұсқау орындалмаған жағдайда, (11) және (17) қатпарлы
бұрандалары арқылы әртүрлі еңіс бұрыштары орнатылуы
мүмкін. Нәтижесінде тірек тақтасы (7) FSN бағыттауыш
шинасында тегіс жатпайды.
Екі қатпарлы бұранда бір уақытта бұрап бекітілсе, араны
қосымша тұтқаның (4) астыңғы жағынан тіреу қажет
болуы мүмкін. Бұл ретте әртүрлі реттеулердің пайда
болуына жол бермеу үшін қосымша тұтқаға (4) немесе
араға күш қолданбаңыз.
Реттеулер сонда да әртүрлі болса, (11) және (17)
қатпарлы бұрандаларының екеуін де қайтадан
босатыңыз. Еңіс бұрышын алдында сипатталғандай
қайтадан орнатыңыз.
Араны  –1° немесе +47° еңіс бұрышына реттеуге болады.
Ол үшін қайыру кезінде –1° еңіс бұрышы үшін (16)
түймесін немесе +47° еңіс бұрышы үшін (12) түймесін
қосымша басыңыз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (6) көрсетілген саннан кем.
Кесік белгілері (D суретін қараңыз)
Кесік белгісі 0° (32) тік бұрышпен аралау кезіндегі ара
төсемінің күйін көрсетеді. Кесік белгісі 45° (33) 45°
бұрышпен бағыттауыш шинасыз аралау кезіндегі ара
төсемінің күйін көрсетеді.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (2) басып кейін қосқыш/өшіргішті (1) басып
ұстап тұрыңыз.
Іске қосылудан қорғайтын құлып (2) басылғанда батыру
құралы босатылып, электр құралын төмен итеруге
болады. Осылайша алмалы-салмалы аспап дайындамаға
орнығады. Көтерген кезде электр құралы бастапқы
қалпына түсіп, батыру құралы қайтадан құлыптанады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (1)
жіберіңіз.
Bosch Power Tools
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (1)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Тұрақты электроника
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған реттегіш
дөңгелектің (24) көмегімен қажетті айналу жиілігін
жұмыс барысында да алдын ала таңдауға болады.
Қажет айналу жиілігі пайдаланылатын ара төсеміне
байланысты (пайдалану нұсқаулығының соңындағы ара
төсемдеріне шолу бөлімін қараңыз). Бұл аралау кезінде
ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Пластикті аралау
Нұсқау: синтетикалық материалдарды, әсіресе ПВХ-ны
аралау кезінде электрстатикалық зарядты шығаруы
мүмкін ұзын серіппелі жоңқа пайда болады. Жоңқа
шығаруға арналған келте құбыр (18) бітелуі мүмкін.
Шаңсорғышпен жұмыс істеген жөн.
Электр құралын қосылған күйде дайындамадан жүргізіңіз
және оны жайлап аралаңыз. Содан кейін ара тістері
жабысып қалмауы үшін үзілістерсіз жұмыс істеңіз.
Қазақ | 153
1 609 92A 7XT | (03.08.2022)

Advertenties

loading