Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Бұл өнім үшін биіктен құлаудан қорғаныс ретінде тек Hilti ұсынған #2293133 құлаудан сақтандырғышын
Hilti ұсынған #2261970 құрал ұстағыш арқанымен бірге қолданыңыз.
▶ Құлаудан сақтандырғышты керек-жараққа арналған монтаждық саңылауларға бекітіңіз.
бекітілгенін тексеріңіз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның карабинін құлаудан сақтандырғышқа, ал екінші карабинді жүк көтеретін
құрылымға бекітіңіз. Екі карабиннің берік бекітілгенін тексеріңіз.
Hilti құлаудан сақтандырғышының және Hilti құрал ұстағыш арқанының пайдалану бойынша
нұсқаулықтарына назар аударыңыз.
5.5
Ауа үрлегіш құбырын монтаждау
1. Ауа үрлегіш құбырындағы бекіткіш тілшіктерді ауа үрлегіш корпусындағы ойықтармен туралаңыз.
2. Ауа үрлегіш құбырын ауа үрлегіш корпусына жылжытыңыз.
3. Ауа үрлегіш құбырын сағат тілінің бағытымен ауа үрлегіш корпусына толықтай бұрап орнатыңыз.
5.6
Ауа үрлегіш құбырын бөлшектеу
1. Ауа үрлегіш құбырын сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Ауа үрлегіш құбырын ауа үрлегіш корпусынан тартып шығарыңыз.
5.7
Үрлеу/ауа сору адаптерін монтаждау
1. Ауа үрлегіш құбырын алып тастаңыз.
2. Үрлеу/ауа сору модуліндегі монтаждық шығыңқы жерлерді желдеткіш корпусындағы ойықтармен
туралаңыз.
3. Үрлеу/ауа сору адаптерін желдеткіш корпусына жылжытыңыз.
4. Үрлеу/ауа сору адаптерін сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
5. Үрлеу/ауа сору адаптерінің берік монтаждалғанын тексеріңіз.
6. Адаптерді алып тастау үшін үрлеу/ауа сору адаптерін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, адаптерді
желдеткіш корпусынан тігінен тартып шығарыңыз.
5.8
Үрлеу/ауа сору адаптерін сору режиміне түрлендіру
▶ Ауа кірісіндегі монтаждық шығыңқы жерлерді үрлеу/ауа сору адаптеріндегі ойықтармен туралап,
адаптерді ауа кірісіне орнатыңыз.
5.9
Айналу жиілігінің диапазонын таңдау
1. Айналу жиілігінің диапазонын реттегіш дөңгелекті жоғары қарай бұрап, айналу жиілігінің диапазонын
төмендетіңіз.
▶ 3 айналу жиілігі диапазонының бірін таңдауға болады.
2. Айналу жиілігінің диапазонын реттегіш дөңгелекті төмен қарай бұрап, айналу жиілігінің диапазонын
көтеріңіз.
6
Қызмет көрсету
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
6.1
Өнімді қосу және өшіру
Өнімді қосу
1. Өнімді қосу үшін ажыратқышты басыңыз.
Өнімді өшіру
2. Өнімді өшіру үшін ажыратқышты жіберіңіз.
266
Қазақ
2
266
2353664
Берік
*2353664*