ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ
МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар алдында
осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз
және оларды кейінірек пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Құрылғыны ашық, тегіс және ыстыққа
төзімді бетке қойыңыз. Қабырғадан
қашықтық кемінде 5 см болуы тиіс. Ауаның
кедергісіз айналымын қамтамасыз ету
үшін құрылғының үстіндегі аумақ бос болу
керек. Құрылғыны немесе қуат сымын
ыстық беттерге қоюға болмайды. Сондай-ақ
құрылғыны ашық газ жалынының жанында
орнатуға және пайдалануға болмайды.
• Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Сусыз құрылғыны іске қоспаңыз.
• Су қолдарыңызбен немесе аяқтарыңыз
суда тұрғанда, құрылғыны қосушы немесе
ажыратушы болмаңыз.
• Өндіруші ұсынбаған немесе сатпаған
қондырмаларды пайдалану өртке, электр
тогының соғуына немесе жарақаттануға
апарып соғуы мүмкін.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Жұмыс барысында құрылғы ыстық болады.
Сондықтан абай болыңыз, ыстық бөліктерге
қол тиіп кетпеңіз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және ақау
пайда болған жағдайда, құрылғыны міндетті
түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру
және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі — шарт. Балалар
құрылғымен ойнамау керек. Тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса
және ересектердің қадағалауымен ғана
орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
КОФЕҚАЙНАТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
ӘДІСІ
1. Кофеқайнатқышты алғаш пайдаланар
алдында тазалап алыңыз.
2. Су резервуарының қақпағын ашып, қажетті
деңгейге таза су құйыңыз.
3. Сүзгі құйғысындағы қағаз сүзгіге үгілген кофе
салыңыз.
4. Су резервуарының қақпағын жауып, қуатты
қосыңыз.
Кофе саптаяғын дұрыстап қойыңыз.
5. Индикатор жанады да, кофеқайнатқыш
жұмысын бастайды.
Кофе қайнаған соң, яғни кофе тапшылағанын
тоқттатқаннан кейін бір минуттан соң, кофе
саптаяғын алып, шынаяққа құйып, ұсына
берсеңіз болады.
38
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Тазалау
-
Құрылғыны тазаламас бұрын штепсель
ашасын қабырға розеткасынан суыруды
ұмытпаңыз.
-
Бетті дымқыл шүберекпен тазалауыңызға
болады.
-
Алынатын элементтерді ыстық сабынды
сумен жууға болады. Оларды орнына қоймас
бұрын шайып жіберіңіз.
2. Қақтан тазарту
-
Құрылғыны 3-4 ай сайын қақтан тазартып
тұру керек, сонда ол жақсы жұмыс істейді.
-
Су резервуарына әдеттегі сірке суын
құйыңыз және сүзгіге еш уақытта
ұнтақталған кофе салмаңыз.
3. Қуатты қосыңыз, сонда индикатор жанады.
-
Қолданған соң құманды жуыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР:
FA-5453-3: 220-240 В • 50-60 Гц • 300-350 Вт
FA-5453-4: 220-240 В • 50-60 Гц • 370-450 Вт
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін
әдіспен жою.
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан
қорғаңыз! Жергілікті ережелерді
сақтауды ұмытпаңыз: істен шыққан электр
жабдықтарды қалдықтарды жоятын тиісті
орталыққа жеткізіңіз.
39