Download Inhoudsopgave Inhoud Print deze pagina

TZS First AUSTRIA FA-5343-1 Gebruikershandleiding pagina 18

Tosti-ijzer
Inhoudsopgave

Advertenties

КОМБИ СЭНДВИЧ/ГРИЛЬ
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
• Бұйымды пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
• Желі кернеуі құрылғыда көрсетілген кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғы қолданыста болғанда ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Балалардың немесе білігі
жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Сымның зақымдалмағанын ауық-ауық тексеріп жүріңіз. Егер сым немесе құрылғының
зақымдалғаны байқалса, құрылғыны мүлде пайдаланбаңыз. Оны білікті техникалық қызмет
көрсету маманына (*) тексертіп, жөндетіңіз. Сым зақымдалса, оны білікті техникалық қызмет
көрсету маманына (*) ауыстырту қажет.
• Құрылғыны тек үй тұрмысында және осы нұсқаулықта көрсетілген жолмен пайдаланыңыз.
• Құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтыққа малмаңыз. Ешқашан ыдыс жуғыш
машинаға салмаңыз.
• Құрылғыны ешқашан ыстық беттер жанында қолданбаңыз.
• Тазалау алдында құрылғыны әрдайым қуат көзінен суырыңыз.
• Құрылғыны ешқашан сыртта пайдаланбаңыз және тек құрғақ жерге орналастырыңыз.
• Өндіруші ұсынбаған аксессуарларды ешқашан пайдаланбаңыз. Олар пайдаланушыларға қауіп
төндіріп, бұйымға зиян келтіруі мүмкін.
• Құрылғыны жылжытқанда ешқашан сымынан тартпаңыз. Сымының ештеңеге ілініп қалмауын
тексеріңіз. Сымды құрылғыға орамаңыз және майыстырмаңыз.
• Құрылғыны үстелге немесе тегіс жерге тігінен орналастырыңыз.
• Тазалау және сақтап қояр алдында құрылғының салқындағанына көз жеткізіңіз.
• Сымның құрылғының ыстық бөліктерімен ешқалай жанаспайтынына көз жеткізіңіз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қолжетімді беттердің температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
Құрылғының осы ыстық бөліктеріне тиіп кетпеңіз.
• Құрылғы қолданыста болғанда перделер, шүберектер және т.с.с. жанғыш материалдарға мүлде
тимейтініне көз жеткізіңіз, әйтпесе өрт шығуы мүмкін.
• Пісіру панелінің арнайы жабынын тырнап алмаңыз, әйтпесе оның кішкене бөліктері тағамға
араласып кетуі мүмкін. Классикалық ағаш қалақшаны немесе ыстыққа төзімді пластик
қалақшаны пайдаланыңыз.
• Құрылғы қолданыста болмағанда әрдайым желіден ажыратулы болсын, себебі ол қосу/өшіру
тетігімен жабдықталмаған.
• Құрылғыны тек пісіруге болатын тамақтар үшін пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғыны дене, сезу немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі
аз адамдар (соның ішінде балалар) олардың қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғы қолданысын
қадағалап немесе нұсқау беріп тұрмаса пайдалана алмайды.
• Балалардың құралмен ойнамайтындығын тексеріп отыру үшін оларды бақылау қажетappliance.
(*) Білікті электр маманы: Өндірушінің немесе импорттаушының сатудан кейінгі қызмет көрсету
бөлімінің маманы немесе қандай да бір қауіпге жол бермейтін, осындай жөндеу жұмыстарын
орындауға білігі, рұқсаты және уәкілеттілігі бар кез келген тұлға. Қандай да бір жағдайда
құрылғыны осындай электршіге жеткізу қажет.
ПАЙДАЛАНУ
• Алғаш рет пайдаланғанда қорғаныш жабын күйгендіктен түтін шығады. Бұның зияны жоқ.
• Алғаш рет пайдаланғанда панель бетін алдымен дымқыл шүберекпен сүртіңіз, содан кейін
мұқият құрғатып алыңыз.
• Панельге май, маргарин немесе пісіруге арналған май жағып қолдануға болады. Құрылғы
жабыспайтын жабынмен қапталғандықтан, май қолдану міндетті емес.
• Құрылғыны жауып, қыздырыңыз.
• Құрылғыны розеткаға қосыңыз. Шам жанса, құрылғының қосылған және қызып жатқанын
білдіреді.
34
• Пісіру температурасына жеткенде, шам өшеді. Пайдалану барысында дайындық индикаторы
үнемі жанып-өшіп отырады. Бұл — термостаттың құрылғы температурасын реттеп тұрғанын
білдіреді.
• Ескерту: жұмыс барысында тақталар қатты қызып кетеді. Күйіп қалмау үшін абай болыңыз.
СЭНДВИЧ ФУНКЦИЯСЫ
• Сэндвичті құрылғы жұмыс істеп тұрғанда дайындаңыз.
• Сэндвич жасағышты толығымен ашыңыз. Бір тілім нанды панельге май жағылған жағын төмен
қаратып салыңыз.
• Сэндвичтің салмасын қойыңыз.
• Май жағылған жағын жоғары қаратып үстіңгі қабатты қосыңыз. Жоғарғы ас әзірлеу тақтасын
жабыңыз және ол қалқымалы шарнирдің көмегімен сэндвичтің қалыңдығына қарай автоматты
түрде реттеледі. Ол сэндвичтің біркелкі қуырылуына мүмкіндік береді.
• Сэндвичіңіз 2-3 минут қуырылатын болады. Құрылғыны ашып, сэндвичті пластик немесе
ағаш қалақшамен алыңыз. Ешқашан металл пышақ қолданбаңыз, себебі бұл — жабыспайтын
жабынды зақымдауы мүмкін.
• Жылуды сақтау үшін, келесі сэндвичтер қаруға дайын болғанша қақпақты жаба тұрыңыз.
• Құрылғыда сэндвич қарылып жатқанда, тағы бар болса, қалғандарын әзірлеп қойыңыз.
• Дайындап болған соң, құрылғыны желіден ажыратыңыз.
ГРИЛЬ ФУНКЦИЯСЫ
• Тағам табақтарға жабысып қалмас үшін, торларды маймен, маргаринмен немесе өсімдік
майымен аздап майлаңыз.
• Құрылғы қажетті температураға жеткенде, оны ашып, тағамды гриль табағына салыңыз.
Құрылғы жабылмай қалмас үшін, тағамның тым қалың болмауын тексеріңіз. Әзірлеу уақыты
грильдейтін тағамның түріне байланысты болады. Тағам күйіп кетпес үшін, әзірлеу барысында
үнемі тексеріп тұрыңыз.
• Грильдеп болған соң, құрылғыны желіден ажыратыңыз және салқындату үшін ашық
қалдырыңыз.
ТАЗАЛАУ
• Тазалау алдында құрылғыны розеткадан суырып, панельдің суығанын күтіңіз. Қаруға арналған
жабыспайтын жабынмен қапталған жоғарғы панельді ашық күйде суытыңыз.
• Панельдің ішкі жағы мен жиектерін асүй орамасымен, сіңіргіш қағаз сүлгімен немесе жұмсақ
шүберекпен сүртіп алыңыз.
• Егер қалдықты кетіру қиын болса, панельге аздап өсімдік майын құйып, кеуіп қалған тамақ
жібіген соң 5 минуттан кейін сүртіп тастаңыз.
• Салқындату саңылауларына ылғал не май енбеу үшін, құрылғы сыртын сәл ғана дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
• Ішкі немесе сыртқы бетін қажағыш жөкемен немесе болат ысқышпен тазаламаңыз, себебі бұл
— әрін зақымдауы мүмкін.
• Суға немесе басқа сұйықтыққа малмаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР:
220-240 В • 50/60 Гц • 700 Вт
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін әдіспен жою
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан қорғаңыз! Жергілікті ережелерді сақтауды ұмытпаңыз:
істен шыққан электр жабдықтарды қалдықтарды жоятын тиісті орталыққа жеткізіңіз.
35

Advertenties

Inhoudsopgave
loading

Inhoudsopgave