Download Print deze pagina

Bosch AKE 30 Oorspronkelijke Gebruiksaanwijzing pagina 225

Advertenties

OBJ_BUCH-2245-002.book Page 225 Wednesday, June 29, 2016 11:42 AM
Қaзақша
AKE 30/30 S/35/35 S/40/40 S
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде
көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Bosch Power Tools
Қауіпсіздік нұсқаулары
Белгілердің мағынасы
Қолдану нұсқаулығын оқыңыз.
Электрбұйымның жауын-шашын
астында шығарылуына не жауын
астында қалуына жол бермеңіз.
Параметрлерді орнату немесе күту
және жөндеу жұмыстарын орнату
алдынан немесе электр кабелі
зақымданған не кесілген жағдайда
электрбұйым айырын дереу
шығарып алыңыз.
Электрбұйымды қолданған уақытта
әрқашан қорғау көзәйнектері мен
қорғау құлаққаптарын киіп жүріңіз.
Кері соққы тежеуіші мен шығару
тежеуіші арқасында ара шынжыры
қысқа уақыт ішінде тоқтатыла
алынады.
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
ЕСКЕРТУ
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе
ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған «Электр
құрал» атауының желіден қуат алатын электр құралдарына
(желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын
электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
 Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған
жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған
жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі
мүмкін.
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қауіпі бар қоршауда электр құралды
пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып,
шаң немесе буларды жандыруы мүмкін.
 Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар
және басқа адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз.
Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.
Қазақша | 225
F 016 L81 408 | (29.6.16)

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Ake 30 sAke 35Ake 35 sAke 1835 sAke 40Ake 40 s ... Toon alles