Қазақша
191
Шайнекті ағынды сумен шаймаңыз.
Шайнектің табанын ағынды сумен шаймаңыз немесе дымқыл шүберекпен
тазаламаңыз.
Қуат табанын ағынды сумен шаймаңыз немесе дымқыл шүберекпен
тазаламаңыз.
Шайнекті қақтан тазалау
Қолданатын судың кермектігіне байланысты уақыты келгенде шайнектің
ішінде оны қолдану мерзіміне әсер ететін қақ пайда болуы мүмкін. Қақты
уақытында шаю шайнектің қолдану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді,
оның дұрыс жұмыс істеуіне және қуатты үнемдеуіне кепілдік береді.
Шайнектің ішінде қақ түзіле бастаса, оны жою үшін келесі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Шайнекке ақ сірке су немесе балғын лимон кесектерін қосыңыз.
2. Шайнекке ең жоғары деңгейге дейін су құйыңыз.
3. Қоспаны қайнатыңыз.
4. 1,5-2 сағат күте тұрыңыз (қақ мөлшеріне байланысты), содан кейін
шайнекті шайыңыз.
5. Кез келген қалдықтарды щетканың немесе тазартқыш матаның көмегімен
жойыңыз.
6. Шайнекті қайтадан сумен толтырыңыз да, қолданар алдында екі рет
қайнатып алыңыз.