Download Print deze pagina

Stihl DYNAMIC GB 29 Onderhoudshandleiding pagina 66

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 48
Пайдалану нұсқаулығы
ҚҰЛАҚАСПАП ЖӘНЕ ШУДЫ БАСАТЫН ЕСТУ ПРОТЕКТОРЫ
Бұл есту протекторы Bluetooth® арқылы байланысып, музыканы тыңдау мүмкіндігін береді. Құлақаспап Bluetooth®
және A2DP стандартын қолдайтын құрылғылар арқылы сымсыз байланыс пен музыканы ағынмен тарату мүмкіндігін
қамтамасыз етеді.
Ескерту!
Есту протекторы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, пайдаланушыны қауіпті шу деңгейінен қорғай
алады. Кез-келген басқа мақсатта пайдалану көзделмеген және рұқсат етілмеген. Пайдалану жөніндегі нұсқаулардың
орындалуы аса маңызды. Болмаса, бұл шуды басу қабілетінің нашарлауына және ауыр жарақатқа алып келуі мүмкін.
Осы пайдаланушы нұсқаулықтарын мұқият оқып шығыңыз!
• Есту протекторы толық қорғауды қамтамасыз ету үшін шулы ортада әрқашан киілуі тиіс! Құлақаспапты тек 100% уақыт
бойы кию толық қорғауды қамтамасыз етеді.
• Есту протекторы шулы ортада шуды басу үшін пайдаланған кезде, белгілі бір жұмыс орнындағы ескерту
сигналдарының естілуі жоғары шу қорғауына байланысты төмендеуі мүмкін.
• Есту проекторын ойын-сауық дыбыстық функцияларымен қатар қолданып, шулы орталарда жұмыс істегенде ескерту
сигналдары және т.б. есту үшін дыбыс деңгейін реттеңіз.
• Құлаққаптар мен құлақаспаптардағы шамадан тыс жоғары дыбыс қысымы есту қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
• Бұл есту протекторы динамиктерден шығатын дыбыс сигналдарын құлағыңызда ең жоғары 82 дБ(A) дейін шектейді.
• Бұл өнімді ықтимал жарылғыш ортада қолданбаңыз.
• Құлақаспап арқылы қоңырауға жауап беру кезінде кез-келген құрылғыны өшіру және/немесе шулы аймақтан алыстау қажет.
• Кейбір химиялық заттар осы өнімге теріс әсер етуі мүмкін. Қосымша ақпаратты өндірушіден алуға болады.
• Есту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін протекорды жүйелі түрде тексеріп отырыңыз.
• Есту проекторы, мысалы, қалың көзілдірік ілдірігімен, шаңғы маскасы/балаклава және т.б. бірге қолданылған кезде
оның шуды басу қабілеті айтарлықтай төмендеуі мүмкін.
• Терден қорғау/гигиеналық қорғаныс құралдарын тығыздатқыштың астына жағу, есту протекторының шуды басу қасиетін
азайтады.
• Құлақ тығындары, әсіресе жастықшалары пайдалану барысында тозуы мүмкін және жарықшақтар мен жылыстаудың
түзілуі жүйелі түрде тексеріліп отыруы тиіс.
• Өнімде жарылу немесе зақымдалу белгілері пайда болған жағдайда оны дереу тастаңыз.
• Гигиеналық жинағы кем дегенде жылына екі рет ауыстырылуы тиіс. Есту протекторыңыз үшін тиісті гигиеналық
жинағын таңдағаныңызға көз жеткізіңіз.
• Өнімді жұмсақ сабынмен тазалаңыз. Пайдаланылып отырған жуғыш заттың теріні тітіркендірмейтініне сенімді
болуыңыз керек. Өнімді суға батырмаңыз.
• Есту протекторы құрғақ, таза ортада, тікелей күн сәулесінен қорғалған жерде, мысалы түпнұсқалы қорабында сақталуы керек.
Орнату және реттеу
Шашыңызды құлағыңыздан ары тарап алып, құлақ тығындарын құлағыңызға салыңыз, олар ыңғайлы әрі тығыз отыруы
тиіс. Құлағыңыз құлақ тығындарымен толық жанасып тұрғанына және құлақтарыңыздағы қысым біркелкі таралғанына
көз жеткізіңіз.
Бас жиегі (С1 суреті)
Бас жиегінің өлшемін бастың үстіңгі жағынан сәл асып тұратындай реттеңіз.
Қақпақ/қалпақ корпусы (С2 суреті)
Есту протекторларының қақпағын қалпақ корпусына тірелгенше итеріңіз.
Есту протекторларын құлағыңыздың үстіне орнатып, сартылдаған дыбыс естілгенше, ішке қарай басыңыз.
Есту протекторларын және қақпақты ыңғайлы етіп орналастырыңыз.
BLUETOOTH® ФУНКЦИЯЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛАРЫ
Құлақаспапты алғаш рет пайдаланбас бұрын зарядтаңыз!
Телефон үлгісіне және қолданбаға байланысты кейбір функцияларға қолдау көрсетілмеуі немесе пайдаланылуы
қажет болуы мүмкін.
Құлақаспапты бірінші рет пайдаланғанда, құрылғылар арасында сымсыз байланыс орнату үшін, оларды "жұптастыру" қажет.
Жұптастыруды тек бір рет, әр құрылғылар жұбы үшін орындау қажет. Құлақаспап жадысына 8 құрылғыны сақтай алады.
1. On/Off түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Құлақаспаптың қосылғанын растайтын дыбыстық сигнал беріледі және жарық
диод көк түске боялады.
2. Жұптастыру режиміне кіру үшін On/Off түймешігін басып ұстап тұрыңыз. Жұптастыру режимінің қосылғанын растайтын
дыбыстық сигнал беріледі және жарық диод қызыл/көк түске боялады. On/Off түймешігін жіберіңіз.
3. Телефоныңыздағы (немесе басқа құрылғыдағы) Bluetooth® функциясын қосыңыз және тізімнен "Stihl Dynamic BT"
тармағын таңдаңыз. (Телефоныңыздың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз). Телефонда PIN кодты енгізу қажет
болса, төрт нөлді енгізіңіз (0000).
4. Жұптау аяқталған кезде құлақаспапта 2 үнді дыбыстық сигнал естіледі. Құлақаспаптың жарық диоды көк түспен
жыпылықтайды. Егер жұптастыру орындалмаса, құлақаспапты өшіріп, 1-қадамнан қайта бастаңыз.
5. Гарнитураны өшіру үшін On/Off түймесін 4 секунд бойы басып тұрыңыз. Дыбыстық сигнал құлақаспаптың
өшірілгенін растайды. Құлақаспап келесі рет қосылған кезде телефонмен жұптастыру байланысы автоматты түрде
орнатылады.
Bluetooth® құрылғысы арқылы музыканы тыңдау
1. Құлақаспапты қосыңыз (алдыңғы қадамдарды қараңыз).
2. Телефонда (немесе басқа құрылғыда) музыка ойнатқышын қосыңыз.
3. On/Off түймешігін бірнеше рет басу арқылы музыканы ойнату/кідіртуге болады.
4. ЖОҒАРЫ/ТӨМЕН (A:9, A:7) дыбыс деңгейін теңшеу түймелерін басу арқылы дыбыс деңгейін реттеңіз.
5. Дыбыс деңгейін ЖОҒАРЫЛАТУ түймесін 2 секунд басып тұрып, келесі әнге ауысуға болады.
6. Дыбыс деңгейін ТӨМЕНДЕТУ түймесін 2 секунд басып тұрып, әндерді басынан ойнаңыз.
7. Дыбыс деңгейін ТӨМЕНДЕТУ түймесін 4 секунд басып тұрып, алдыңғы әнге ауысыңыз.
66

Advertenties

loading

Gerelateerde Producten voor Stihl DYNAMIC GB 29