Download Print deze pagina

Kärcher HGE 18-45 Battery Gebruiksaanwijzing pagina 194

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 32
● Шу есту қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Құлақ қорғау құралын пайдаланыңыз жəне
жүктемені шектеңіз.
● Тасталған объектілерден жарақаттар.
Тəуекелдерді азайту
АБАЙЛАҢЫЗ
● Құрылғыны ұзақ қолданған кезде қолдағы қан
айналымы бұзылуы мүмкін. Щеткамен
жұмыстың жалпы ұзақтығын орнатпау керек,
себебі ол көптеген факторларға байланысты
болады:
● Жеке нашар қан айналымға бейімділік (жиі
саусақтарыңыз салқындайды, саусақтарыңыз
шаншиды).
● Қоршаған орта температурасы төмен. Қолды
қорғау үшін жылы қолғаптарды қолданыңыз.
● Щетканы мықтап ұстау салдарынан қан
айналымының нашарлауы.
● Үзіліспен жұмыс істеуге қарағанда, үздіксіз
жұмыс істеу зиян.
Құрылғыны тұрақты жəне ұзақ қолданған кезде
жəне саусақтардың шаншуы, салқын саусақтар
сияқты қан айналымының нашарлау белгілері
бірнеше рет пайда болғанда, дəрігерге қаралу
қажет.
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
ҚАУІП
Қате пайдалану
Кесіп кетуінің салдарынан өмірге қауіп
Құрылғыны тек нұсқауға сəйкес қолданыңыз.
● Бұтақ кескіш тек жеке пайдалануға арналған.
● Бұтақ кескіш ашық ауада жұмыс істеуге
арналған.
● Қауіпсіздік мақсатында бұтақ кескіш əрдайым екі
қолмен де қауіпсіз ұсталуы керек.
● Бұтақ кескіш тек өсімдіктерді, мысалы бұталы
қоршаулар мен бұталарды кесуге арналған.
● Бұтақ кескішті дымқыл немесе жаңбырлы
жағдайларда пайдаланбаңыз.
● Бұтақ кескішті жақсы жарықтандырылған ортада
пайдаланыңыз.
● Өндіруші рұқсат бермеген өзгерістер мен
модификациялауға қауіпсіздік себептері
бойынша тыйым салынады.
Кез-келген басқа мақсатта пайдалануға, мысалы,
шөптерді, ағаштарды немесе бұталарды кесуге жол
берілмейді. Қате пайдаланудан туындаған қауіптер
үшін пайдаланушы жауапты.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
194
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Құлыптан шығару түймесі
Артқы тұтқасындағы құрылғы ажыратқышты
құлыптан шығару түймесі екі жақты операцияны
қамтамасыз етеді. Құлыптау түймесі құрылғы
ажыратқышын бөгеп, осылайша бұтақ кескіштің
бақыланбайтын іске қосылуына жол бермейді.
Пышақ қорғанысы
Пышақ қорғанысы бұтақ кескіштің қауіпсіздік
техникасының маңызды бөлігі болып табылады.
Зақымдалған пышақ қорғауышы енді қолданылмауы
жəне дереу ауыстырылуы керек.
Құрылғыдағы белгілер
Жалпы ескерту белгісі
Пайдалану алдында нұсқаулықты
жəне барлық қауіпсіздік нұсқауларын
оқыңыз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде тиісті
көз жəне есту қорғауыштарын
пайдаланыңыз.
Жарақат алу қаупі. Өткір кескіш
құралдарды ұстамаңыз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде
сырғымайтын жəне берік қолғап киіңіз.
Қазақша
бөлшектер

Advertenties

loading