Download Print deze pagina

Bosch GSC 18V-16 Professional Oorspronkelijke Gebruiksaanwijzing pagina 101

Advertenties

OBJ_BUCH-3138-001.book Page 101 Monday, July 10, 2017 12:56 PM
Электр құралдарын пайдалану және күту
 Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
 Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
 Электр құралдарына арналған аккумуляторларды
ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Bosch Power Tools
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Аккумуляторлық метал қайшысына арналған
қауіпсіздік нұсқаулары
 Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
 Тек орнатылған жоңқа бағыттауышымен 4 жұмыс
істеңіз. Жоңқа бағыттауышының зақымдалмаға-
нына немесе қисық болмауына көз жеткізіңіз.
Жоңқа бағыттауышынсыз немесе зақымдалған жоңқа
бағыттауышымен жұмыс істеген кезде жарақаттану
қауіпі пайда болады. Зақымдалған жоңқа бағыттауы-
шын өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығында
алмастырыңыз.
 Жұмыс істеген кезде қолғап киіңіз. Кесілген метал
бөліктерінің дене жағына бүгілмеуіне көз
жеткізіңіз. Кесілген табақта өткір қыр пайда болып,
жарақаттануыңыз мүмкін. Керек болса бүгілетін метал
бөліктеріне қолғап киіп, денеден ары басыңыз.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Қaзақша | 101
1 609 92A 3U5 | (10.7.17)

Advertenties

loading