Download Inhoudsopgave Inhoud Print deze pagina

3M Peltor WS Alert XP MRX21 WS5 Series Handleiding pagina 183

Inhoudsopgave

Advertenties

KZ
Абайлаңыз! Өніммен бірге берілген сілтілі батареяларды зарядтауға ТЫРЫСПАҢЫЗ, өйткені бұл
гарнитураны зақымдауы мүмкін.
Сондай-ақ, гарнитура қайта зарядталатын NiMH батареялармен жұмыс істей алады, (3:2) бөлімін
қараңыз.
Батарея зарядының төмен деңгейі мынадай дауыс хабарламасымен білдіріледі: «low battery» (батарея
зарядының деңгейі төмен).
3:2 Қайта зарядталатын батареяларды пайдалану және гарнитураны зарядтау
ЕСКЕРТПЕ: USB зарядтағышы (FR09), USB адаптері (FR08) және қайта зарядталатын батареялар
(LR6NM) бөлек сатып алынуы керек.
3:1 тармағына сай NiMH AA қайта зарядталатын батареяларын салыңыз.
Зарядтағышты гарнитурадағы зарядтағыш ұясына (A:13) жалғаңыз.
Ең жоғары батарея сыйымдылығына қол жеткізу үшін гарнитураны 10 сағат бойы зарядтаңыз.
Конфигурациялау мәзіріне кіріп, батарея түрін қайта зарядталатын етіп өзгертіңіз, 3:12:6 бөлімін
қараңыз.
Абайлаңыз: Тек түпнұсқа адаптерді пайдаланыңыз. Басқа зарядтағышты пайдалану гарнитураны
зақымдауы мүмкін.
Абайлаңыз: Сілтілі батареяларды зарядтамаңыз, өйткені бұл гарнитураны зақымдауы мүмкін. Ең
төменгі / жоғарғы зарядтау температурасы: 0 °C мен +40 °C арасында.
3:3 Гарнитураны қосу және өшіру
Гарнитураны қосу немесе өшіру үшін On/Off/Mode түймесін (A:14) екі секунд басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Ешбір функция екі сағат пайдаланылмағаннан кейін қуат автоматты түрде өшіріледі.
Автоматты түрде қуатты өшіру мынадай дауыс хабарламасымен білдіріледі: «automatic power off»
(автоматты қуатты өшіру).
3:4 FM радиосының дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін (+) түймесінің (A:15) және (–) түймесінің (A:16) көмегімен реттеңіз.
FM радиосын тыңдап жатқанда айналадағы дыбыс деңгейін реттеу үшін On/Off/Mode түймесін (A:14)
тез басып қалыңыз, содан кейін (+) немесе (–) түймесін басыңыз.
3:5 FM радио станцияларын іздеу
Мәзір түймесін (A:17) бір рет тез басып қалыңыз.
Іздеу режимі мынадай дауыс хабарламасымен білдіріледі: «search station» (станцияны іздеу).
FM радио станцияларын (+) түймесі (A:15) мен (–) түймесін (A:16) пайдалана отырып іздеңіз.
3:6 FM радио арналарын сақтау
Станцияны сақтау үшін мәзір түймесін (A:17) сақтау режиміне жеткенше бірнеше рет басыңыз. Бұл режим
«store station» (станцияны сақтау) дауыс хабарламасымен білдіріледі.
Жад ұясын (1–4) (+) түймесін (A:15) пайдалана отырып таңдаңыз.
Арнаны мәзір түймесін (A:17) 2 секунд бойы басып тұру арқылы сақтаңыз.
Сақталған станция мынадай дауыс хабарламасымен білдіріледі: «confirmed» (расталды).
3:7 Сақталған FM радио арналарын тыңдау
Мәзір түймесін (A:17) алдын ала орнатылған станция режиміне жеткенше бірнеше рет тез-тез басыңыз.
Оған жету мынадай дауыс хабарламасымен білдіріледі: «preset station» (алдын ала орнатылған
станция).
(+) түймесін (A:15) пайдалана отырып тыңдайтын станцияны таңдаңыз.
3:8 Айналадағы дыбыстың деңгейін реттеу
On/Off/Mode түймесін (A:14) тез басып қалыңыз.
Содан кейін (+) түймесін (A:15) және (–) түймесін (A:16) пайдалана отырып айналадағы дыбыстың
дыбыс деңгейін реттеңіз.
FM радиосының дыбыс деңгейі немесе ағындық музыка дыбыс деңгейі мен айналадағы дыбыс деңгейі
арасында ауысу үшін On/Off/Mode түймесін (A:14) тез басып қалыңыз.
176

Advertenties

Inhoudsopgave
loading

Inhoudsopgave