40 | Қазақ
Зарядтағыш құрылғыны тек жабық үй-жайларда
пайдаланыңыз және оны ылғалдан алшақ ұстаңыз.
Зарядтағыш құрылғының ішіне су кірсе, ток соғу қаупі
артады.
Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы
u
тоқ соғуы қауіпін туындатады.
Әр пайдаланудан бұрын радио зарядтағышты, соның
u
ішінде кабель мен ашаны тексеріңіз. Зақымдар
байқалған жағдайда, зарядтағыш құрылғыны
пайдаланбаңыз. Зарядағыш құрылғыны өз бетінше
ашпаңыз, оны тек Bosch немесе өкілетті қызмет
көрсету орталықтары түпнұсқа қосалқы
бөлшектермен ғана жөндеуі тиіс. Зақымдалған
зарядтағыш құрылғылар, кабельдер және ашалар ток
соғу қаупін арттырады.
Зарядтау құралын қосулы күйде оңай жанатын
u
беттердің (мысалы, қағаз, мата және т.б.) үстіне
қоймаңыз немесе жанғыш заттардың жанында
пайдаланбаңыз. Зарядтау кезінде зарядтау құралының
қызуы себебінен өрт қаупі пайда болады.
Зарядтау құралының саңылауын жаппаңыз. Әйтпесе
u
зарятау құралы қызып, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта
u
зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай
зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт
қауіпіне адып келуі мүмкін.
Аккумулятор зақымданған немесе оны дұрыс
u
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса,
медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын
тітіркендіруі мүмкін.
Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы
u
мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен
шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге
хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу
немесе күйіктерге алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Зарядтағыш құрылғы қайта зарядталатын Bosch литий-
иондық аккумуляторларын зарядтауға арналған.
Көрсетілген компоненттер
Көрсетілген құрамдастардың нөмірлері суреттердегі
зарядтау құралының көрінісіне қатысты.
(1)
Зарядтау науасы
(2)
Қызыл түсті температураны бақылау/қате
индикаторы
(3)
Заряд деңгейінің жасыл түсті индикаторы
1 609 92A 80D | (22.08.2022)
Техникалық мәліметтер
Зарядтағыш құрылғы
Қорғаныс класы
A)
Зарядтау тогы
Аккумулятордың зарядтау кернеуі
(кернеуді автоматты түрде анықтау)
A) температураға және аккумулятор түріне байланысты
Зарядтау процесі
Желі кернеуіне назар аударыңыз! Тоқ көзінің кернеуі
u
қуаттандыру құралының зауыттық тақташасындағы
мәндеріне сай болуы тиіс.
Зарядтау процесі зарядтау құрылғысының қуат ашасын
розеткаға жалғанғанда және аккумулятор зарядтау
науасында (1) салынған бойда басталады.
Зарядтау процесі тек аккумулятор температурасы
рұқсат етілген зарядтау температурасының
ауқымында (0–45°C) болса қолжетімді.
Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану
бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/manuals
Ақауларды жою
Аккумулятор зарядталып жатқан жоқ
Аккумулятор зарядталмайды және қызыл түсті
температураны бақылау/қате индикаторы (2) қызыл
түспен жыпылықтап тұр.
Себебі: зарядтағыш құрылғыда ішкі қате анықталды
Шешімі: барлық аккумуляторлар толықтай салынғанына
көз жеткізіңіз. Желілік ашаны суырып, қайтадан салыңыз.
Ақау қайтадан орын алса, зарядтағыш құрылғыны Bosch
электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету
орталығында тексертіңіз.
Индикаторлар жанбай тұр
Индикатор жанбайды, аккумулятор зардталмайды.
Себебі: розетка, қуат кабелі немесе зарядтау құрылғысы
ақаулы
Шешімі: желі кернеуін тексеріңіз. Қажет болса, зарядтау
құралын уәкілетті қызмет көрсету орталығында тексеріңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің
төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch
компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша
өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
AL 36V-20
/ II
2,0 A
36 В
Bosch Power Tools