Download Inhoudsopgave Inhoud Print deze pagina

Electrolux EFC 60244 Gebruiksaanwijzing pagina 83

Verberg thumbnails Zie ook voor EFC 60244:
Inhoudsopgave

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 12
ЕСКЕРТУ!
Дайындаушы аспапты пайдалану
барысында бұл нұсқауда белгіленген
қолдану шарттарын сақтамағанның
кесірінен болған олқылық өрт пен зақым
үшін жауап бермейді. Сорғыш тек қана
үйде пайдалануға болатындай етіп
жобаланған.
скерту! Аспапты қондыру операциясы
толық аяқталмағанша электр
желісіне қоспаңыз! Тазалау мен күту
операциясына кіріспестен бұрын
вилканы шығарып немесе электр
желісінің ортақ ажыратқышынан суырып
сорғышты желіден ажыратыңыз.
Барлық тазалау мен күту операциясын
істеу барысында жұмыс қолғабын киіңіз!
Балалар мен ақыл есі кем адамдарға
немесе жеткілікті білмейтін, тəжіриебесі
жоқ адамдарға, егер бақылаусыз болса,
немесе егер олардың қауіпсіздігіне
жауапты адам жағынан аспапты қолдану
үйретілмесе бұл аспаппен қолдану
жарамайды. Аспаппен ойнамау үшін
балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Егер торы дұрыс қондырылмаса
сорғышты пайдаланбаңыз!
Əдейі ескертілмеген жағдайда сорғышты
тіреу жазықтығы ретінде қолдануға
тыйым салынады.
Ас үйде сорғышты газбен жанатын
жəне басқа жанармай арқылы жанатын
басқа аспаптармен қолданған кезде
бөлменің ауа айналымын тиісті түрде
қамтамассыз етіңіз.
Сорылған ауа газбен жанатын немесе
басқа жанармай арқылы жанатын
аспаптардан түтін шығаруға арналған
ауаөткізгіш арқылы кері сыртқа
шығарылмауы тиіс.
«Жалынның астында» пісірілетін
тағамдарды дайындауға мүлдем тыйым
салынады, себебі жалын фильтрлерге
зақым келтіріп өрттің пайда болуына
əкелуі мүмкін, сондықтан бұл əдістен
аулақ болыңыз.
Қатты қызып кеткен майдың тұтануы
мүмкін болғандықтан майда қуырылатын
тағамдар əрдайым бақылауда
болуы тиіс. Пісіруге арналған басқа
құралдармен бірге қолданған кезде
аспаптың жетімді бөліктері қатты қызуы
мүмкін.
Техникалық шаралар мен түтін шығаруда
техникалық қауіпсіздік шарттары
жөнінде білікті жергілікті əкімшілік
белгілеген алдын алу тəртіп ережелерін
сақтаңыздар!
Сорғышты ішінен жəне сыртынан
мерзімді тазалап тұру қажет (берілген
нұсқауда белгіленген шарттарға сəйкес
АЙЫНА БІР РЕТ). Нұсқаудағы сорғышты
тазалау мен фильтрлерді тазалап
ауыстыру ережелерін сақтамау өрттің
пайда болуына əкелуі мүмкін.
Электр тоғы соғуы мүмкін болғандықтан
дұрыс қондырылмаған лампышасымен
сорғышты пайдаланбаңыз жəне
қалдырмаңыз.
Біз аспапты пайдалану барысында бұл
нұсқауда белгіленген қолдану шарттарын
сақтамағанның кесірінен болған олқылық
өрт пен зақым үшін жауап бермейміз.
ПАЙДАЛАНУ
Сорғыш Ішкі ауа алмастыру фильтрімен
бірге қолдану үшін арналған.
Тамақтықты пісіру кездінде пайда
болатын бу мен түтіндер сорғыштың
ішіне сорып тартылады. Сорғыш май
өткізбейтін фильтр (фильтрлер) жəне
көмір фильтрімен (фильтрілермен)
жабдықталуы КЕРЕК, жəне олардың
көмегімен бу мен түтіндер фильтрленеді,
тазартылады.
ОРНАТУ
Желінің кернеуі аспаптың ішінде
орналасқан тақтайшада белгіленген
техникалық деректердей кернеуге сəйкес
келуі керек. Егер сорғыш вилкамен
жабдықталған болса, орнатылғаннан
кейін де істеуге болатын, қол жетерлік
жерде болуы тиіс, істеп тұрған
ережелерге сəйкес алмалы-салмалы
штепсельге сорғышты қосыңыз. Егер
сорғыш вилкамен жабдықталмаған болса
(желіге тура қосылу), немесе алмалы-
салмалы штепсель орнатылғаннан кейін
де қол жетерлік жерде болмаса, онда
орнату нұсқауына сəйкес 3-дəрежедегі
асқын кернеуді болдырмайтын жəне
желінің толық ашылуын қамтамассыз
ететін тиісті екіполюстік ажыратқышты
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ! қорек желісіне сорғыштың
электрлік жүйесін қосу алдында қорек
кабелі дұрыс монтаждалғанына көз
жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ
83

Advertenties

Inhoudsopgave
loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Efc 90244Efc 90344

Inhoudsopgave